🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉Farabi University

🎉 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉

12 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің көрнекті ғалымы Зауре Баянқызы Ракишеваға «ПРОФЕССОР» ғылыми атағы берілді!

🔹 Зауре Баянқызы – механика және ғарыштық технологиялар саласының білікті маманы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, жоғары білім беру ісінің үздік ұйымдастырушысы.

📚 Ол Мәскеу мемлекеттік университетінің механика мамандығы бойынша түлегі (1986), ғылым жолындағы еңбек өтілі – 38 жыл. 1996 жылдан бері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де қызмет атқарып келеді. 2015–2023 жылдар аралығында механика кафедрасын басқарды.

🌍 Ғарыштық техника, қашықтықтан зондтау, робототехникалық жүйелер және серіктердің басқару жүйелері бойынша бірқатар ұлттық және халықаралық жобалардың жетекшісі. TEMPUS, ERASMUS+ бағдарламалары аясында халықаралық ынтымақтастық орнатып, KAIST, Tokyo University, Embry-Riddle University сияқты алдыңғы қатарлы университеттермен байланыс орнатты.

📖 Авторлық еңбектерінің қатарында 130-дан астам ғылыми мақала, оқу құралдары, оның ішінде ағылшын тіліндегі «Theoretical mechanics» кітабы бар. Оның жетекшілігімен бірнеше PhD диссертациялар сәтті қорғалды.

🏅 «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ерен еңбегі үшін» және басқа да мемлекеттік марапаттардың иегері.

🎯 Профессор Ракишеваның ғылыми және педагогикалық қызметі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірнешеуіне сәйкес келеді:
    •    ЦУР 4 – Сапалы білім: жоғары білім беру сапасын арттыру, жаңа мамандықтар ашу және инновациялық оқу бағдарламаларын енгізу арқылы.
    •    ЦУР 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: ғарыштық технологиялар мен робототехникалық жүйелерді дамыту жобалары арқылы.
    •    ЦУР 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы әрекет: қашықтықтан зондтау және экожүйелер мониторингіне бағытталған жобалар арқылы климаттық өзгерістерге бейімделуге үлес қосу.

👏 Құрметті Зауре Баянқызы, профессор атағыңыз құтты болсын! Еңбегіңіздің жемісі әрдайым ел игілігіне айнала берсін! Жаңа ғылыми белестер мен халықаралық табыстар тілейміз!

Ізгі тілекпен механика кафедрасының ұжымы!