Халықаралық журналға бірлескен мақала — ынтымақтастықтың жемісіFarabi University

Халықаралық журналға бірлескен мақала — ынтымақтастықтың жемісі

16 маусым, 2025

2025 жылдың 11 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасының Ph.D докторы Сапарбаева Нұржан Балтажанқызы «Білім Интеграциясы» журналының (Scopus, Q1 базасына енгізілген) редакторларымен  кездесу өткізді.  Кездесу барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Н.П. Огарёв атындағы Мордовия мемлекеттік университетінің оқытушыларының бірлескен ғылыми мақалаларын жариялау мүмкіндіктері талқыланды. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей арасындағы академиялық байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосып, екі елдің ғылыми-білімдік серіктестігін нығайтады. Өткен кездесу бірлескен зерттеу жобаларын іске асыруда маңызды қадам болды.