Қазақ-қырғыз ынтымақтастығы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры халықаралық конференцияға қатыстыFarabi University

Қазақ-қырғыз ынтымақтастығы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры халықаралық конференцияға қатысты

16 маусым, 2025

2025 жылдың 12 маусымында Бішкек қаласында өткен «Қырғыз-қазақ қатынастары: тарихи сабақтары және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының профессоры, «Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының» директоры Нәбижан Мұқаметханұлы қазақстандық делегация құрамында қатысып, «ХVIII ғасырдағы қазақ-қырғыз қатынастары туралы» атты баяндамасын ұсынып, әріптестерінің жақсы бағасына ие болды.

Конференцияны Қырғыз Республикасы Президентіне қарасты Тарих ғылымы жөніндегі комиссия, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті және Қазақстан тарихшылары қауымдастығы ұйымдастырды. Іс-шара барысында екі елдің тарихшылары өзара пікір алмасып, тарихи оқиғаларды сол дәуірдің контексінде бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Ғалымдар қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының терең тарихи тамыры мен бауырлас халықтардың достық, өзара қолдау тәжірибесін жалғастырып, болашақта ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін алға тартты.

Бұл конференция академиялық диалогты нығайтып қана қоймай, екі ел арасындағы ғылыми-мәдени байланысты тереңдетудің нақты мысалы болды.

Конференция туралы