Open KazNU білім беру платформасыFarabi University

Open KazNU білім беру платформасы

17 маусым, 2025

16 маусымда ҚазҰУ-дың Академиялық және цифрлық инновациялар басқармасының көмегімен арнайы кездесу өтті: «Мәдениеттану» онлайн курсының студенті, метамодернист суретші Гаухар Бисенғалиева (Арухан) курс авторы, философия ғылымдарының докторы Ажар Қуанышбекқызы Жолдубаевамен кездесті.

Open KazNU білім беру платформасында өткен курс суретшінің дүниетанымына қатты әсер етіп, автормен бетпе-бет кездесуге шабыттандырды.

Open KazNU платформасы – бұл білім алу үшін тамаша мүмкіндік. Университеттің әр түрлі пәндер бойынша онлайн курстары білім алушыларға жоғары сапалы материалдар мен заманауи тәсілдерді ұсынады. Мұндай курстар академиялық жетістіктер мен кәсіби даму үшін үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, платформаның қолданушыларға ыңғайлы әрі қолжетімді болуы оқу процесін жеңілдетеді.

Керемет бастама! Цифрлық білім берудің осындай әсерлі нәтижелерін көру қуантады. Курстың тыңдаушысы мен авторының арасындағы тікелей диалог ғылым мен өнер арасындағы байланысты тереңдете түсетіні сөзсіз. Осындай кездесулер жиі болғай! Гаухар ханым мен Ажар Қуанышбекқызына шығармашылық табыс тілеймін!

 

Мырзахмет М.Ж.