Халықаралық инновациялық университет делегациясы (Өзбекстан) жұмыс сапарымен келдіFarabi University

Халықаралық инновациялық университет делегациясы (Өзбекстан) жұмыс сапарымен келді

24 маусым, 2025

Екі университет арасында студенттер мен оқытушылардың академиялық алмасуын ұйымдастыру, бірлескен онлайн-курстар мен білім беру платформаларын құру мақсатымен келген Халықаралық инновациялық университеттің ғылыми жұмыстар, инновациялар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Сардор Нигматжонов бастаған делегацияға кампустур ұйымдастырылды.

Музей экскурсиясынан қонақтар университет тарихы мен болашақ даму жоспарларынан мәлімет алды.