ҚазҰУ профессоры Шанхайда өткен конференцияда ғылыми жұмыстың нәтижелерін ұсындыFarabi University

ҚазҰУ профессоры Шанхайда өткен конференцияда ғылыми жұмыстың нәтижелерін ұсынды

26 маусым, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері  Шанхайда өткен Silk Road E-Commerce халықаралық талдау орталықтары альянсының жыл сайынғы конференциясына қатысты. Бұл Жібек жолы елдерінің жетекші университеттерін, ғылыми орталықтары мен технологиялық компанияларын біріктіретін жаһандық платформа.

2024 жылдың мамыр айында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Silk Road E-Commerce халықаралық талдау орталығы альянсының құрылтайшысы мәртебесін және сәйкесінше сертификат алды. Содан бері университет Альянс аясында халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келеді.

Конференцияға университет атынан ақпараттық технологиялар факультетінің Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының меңгерушісі, профессор Мәдина Мансұрова қатысып, баяндама жасады. Ол өз сөзінде ҚазҰУ мен Қытайдың жетекші университеттерінің бірі – Фудан университеті (https://www.topuniversities.com/universities/fudan-university), басқа да жетекші университеттермен, сондай-ақ Қытайдың өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықтың нақты нәтижелерін көрсетті.

2024 жылдан бастап Фудан университетінің профессорлары Siming Chen және Yanwei Fu цифрлық егіздерді дамыту үшін мақсатты қаржыландыру арқылы ҚазҰУ-мен бірлескен ғылыми жобаны бастады. Қазіргі таңда ҚазҰУ докторанттары Мәдина Сүлейменова мен Динаргүл Мұхаммеджанова  Фудан университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, халықаралық зерттеулерге белсенді қатысуда.

Сонымен қатар 2025 жылдың маусым айында ҚазҰУ-дың тәжірибелі жетекшілері бастаған 20 студенттік команда PILC China ұйымдастырған Қытай халықаралық колледж студенттерінің инновациялар байқауына (CICSIC) жобаларын ұсынды. Айта кету керек, ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Қытайдың халықаралық ғылыми байқауларының тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.

2025 жылдың көктемінде ҚазҰУ магистранттары мен докторанттары үшін Фудан университеті өкілдерінің офлайн кездесуі өтті, онда тыңдаушыларға Қытай университеттеріне құжат тапсыру ережелері мен қолжетімді академиялық бағдарламалар туралы егжей-тегжейлі айтылды.

Бұл бастамалар ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми кеңістікке сәтті интеграциялануын және цифрлық трансформация саласындағы көшбасшылық ұстанымын көрсетеді. Бүгінгі таңда ҚазҰУ цифрлық экономика, трансшекаралық зерттеулер және инновациялар саласындағы Орталық Азияның негізгі зияткерлік орталығы ретінде танылды. Silk Road E-Commerce International Think Tank Alliance аясындағы ынтымақтастық осы стратегиялық дамудың құрамдас бөлігі болып табылады және ғылым, өндіріс және білім берудің табысты әрекеттесуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі