- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің өкілдері Қытайдағы Орталық Азия таланттар алмасу форумында: ғылыми әріптестікті нығайту және ТДМ 17-ге қосқан үлес
ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің өкілдері Қытайдағы Орталық Азия таланттар алмасу форумында: ғылыми әріптестікті нығайту және ТДМ 17-ге қосқан үлес
2025 жылғы 16 маусымда Қытай Халық Республикасындағы Харбин инженерлік университетінде Қытай Халық Республикасы Білім министрлігі мен жетекші жоғары оқу орындарының қолдауымен Орталық Азия таланттар алмасу форумы салтанатты түрде ашылды. Форумның мақсаты – Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты нығайту, студенттерге, жас зерттеушілер мен оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсыну.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан форумға қатысуда:
-
Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
-
Физика-техникалық факультеттің деканы;
-
Теориялық және ядролық физика кафедрасының оқытушылары.
Ғылыми отырыстар, панельдік пікірталастар мен жұмыс кездесулері аясында ҚазҰУ өкілдері қытайлық әріптестерімен инженерия, техника және жаратылыстану ғылымдары салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
-
Академиялық алмасу және тағылымдамалар;
-
Бірлескен магистрлік және докторлық бағдарламалар;
-
Энергетика, материалтану, электроника және ядролық физика салаларындағы халықаралық ғылыми жобалар.
ҚазҰУ-дың форумға қатысуы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асуына ықпал етеді, әсіресе:
-
ТДМ 17 – Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік: халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және университеттердің жаһандық ғылыми-білім беру желілеріне интеграциясы.
Форум Қытай мен Қазақстан университеттерінің жаһандық ғылыми-білім беру экожүйесіне интеграциялануына жол ашатын бірегей халықаралық алаңға айналды.
Басқа жаңалықтар


