Алматыда мегаполисті көгалдандыру мәселелері талқыландыFarabi University

Алматыда мегаполисті көгалдандыру мәселелері талқыланды

27 маусым, 2025

2025 жылғы 27 маусымда Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ (АҚДО) конференц-залында қалалық ортаны көгалдандырудың өзекті мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кездесу Ақылды орнықты даму платформасы аясында ұйымдастырылды.

Кеңесті АҚДО басқарма төрағасының орынбасары Габдуллина Жанар Муратовна жүргізді. Талқылауға мемлекеттік және ғылыми мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінен тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Т.А. және доцент Садырова Г.А. қатысты.

  • Кеңес барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
  • қаладағы ағаштарды есепке алу үшін цифрлық және спутниктік құралдарды енгізу;
  • көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйымдарға қойылатын техникалық және біліктілік талаптарды күшейту;
  • көгалдандыру іс-шараларын жоспарлау, іске асыру және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және т.б.

Кездесудің мақсаты — қалалық ортаның экологиялық тұрақтылығын және жайлылығын арттыру үшін барлық мүдделі тараптардың қатысуымен келісілген шешімдер қабылдау. АҚДО платформасы орнықты қалалық даму саласында бірлескен шешімдер қабылдау үшін стейкхолдерлерді біріктіруді жалғастырады.