- Басты бет
- Жаңалықтар
- Аюсай сарқырамасына саяхат: ҚазҰУ мен Синьцзян университетінің жас ғалымдары Алматы тауларында ғылыми ынтымақтастықты нығайтты
Аюсай сарқырамасына саяхат: ҚазҰУ мен Синьцзян университетінің жас ғалымдары Алматы тауларында ғылыми ынтымақтастықты нығайтты
2025 жылғы 29 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті мен Қытай Халық Республикасындағы Синьцзян университетінің жас ғалымдары үшін жазғы мектеп аясында Аюсай сарқырамасына дейінгі біркүндік хайкинг-тур ұйымдастырылды. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Рекреациялық география және туризм кафедрасы ұйымдастырды.
Экскурсия барысында қатысушылар “Аюсай” визит орталығына барып, табиғи экожүйе, жергілікті биоалуантүрлілік және экотуризм саласындағы заманауи тәсілдермен танысты. Хайкинг бағыты шамамен 8 шақырымды құрады, ол платина маңындағы асудан өтетін траверспен жалғасып, керемет таулы көріністерге жол ашты.
Турды ұйымдастыруға Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының Жерді қашықтықтан зондтау орталығының қызметкерлері белсене атсалысып, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бұл іс-шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, табиғатты тұрақты пайдалану мәселелерін бірлесе талқылауға және академиялық туризм мен экологиялық білім беру салаларындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.