Жас зерттеушілер біліктілігін арттыруда

2025 жылдың 26 маусымында Химия және химиялық технология факультетінде академик Е. Ергожин атындағы мәжіліс залында «Заманауи аналитикалық құрал-жабдықтар: оқу зертханасынан ғылыми жаңалықтарға дейін» атты семинар өтті.
Ұйымдастырушы: ProLabSupport – Agilent Technologies (АҚШ), Malvern Panalytical (Ұлыбритания), Metrohm (Швейцария), LNI Swissgas (Швейцария) және Elga LabWater (Ұлыбритания) компанияларының Қазақстан аумағындағы ресми дистрибьюторы, қызмет көрсетушісі және зертханалық құрал-жабдықтар жеткізушісі.
Факультеттің жас зерттеушілері, оның ішінде PhD докторанттар мен ғылыми қызметкерлер, техн. ғыл. докторы, профессор Баешова А.К. жетекшілік ететін АР23486503 жобасы аясында семинар жұмысына қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды. Семинарға қатысқан жастар үшін Клеткалық талдау бөлімі менеджері Гаухар Ахметжан мен Хроматография бөлімі басшысы Александр Якуниннің мазмұнды дәрістері ерекше әсер қалдырды.
Қатысушылар физика-химиялық зерттеу әдістері бойынша білімдерін кеңейтіп, әсіресе Metrohm компаниясының MIRA XTR анализаторы негізінде белгісіз үлгілерді Раман спектрометриясы әдісімен талдау туралы тың ақпарат алды. Ғылыми зерттеулерді заманауи деңгейде орындауда физика-химиялық әдістердің маңыздылығын атап өте отырып, семинарға қатысушылар мен Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының ұжымы атынан ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.
АР23486503 жобасының ғылыми қызметкері, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты М.Н. Турлыбекова дәріскер А. Якунинмен бірге
Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының докторанты Ф.М. Жұмабай дәріскер А. Якунинмен бірге
Басқа жаңалықтар
