- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері Физика-техникалық институтында өндірістік практикасын табысты аяқтады. ТДМ 4. Сапалы білім беру
ҚазҰУ студенттері Физика-техникалық институтында өндірістік практикасын табысты аяқтады. ТДМ 4. Сапалы білім беру

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасының "6B07105 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы" білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік практика барысында еліміздегі қолданбалы физика саласындағы жетекші ғылыми мекемелердің бірі – Физика-техникалық институтында (ФТИ) болып қайтты. 1990 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен құрылған бұл институт бүгінде іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің маңызды орталығына айналған. Студенттер институттың қалыптасу тарихымен, негізгі ғылыми бағыттарымен, зертханаларымен және заманауи ғылыми құрал-жабдықтарымен танысты. Әсіресе, қатты денелер физикасы, материалдарды радиациялық-иондық модификациялау және оларды диагностикалау әдістері бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер ерекше қызығушылық тудырды. Мұндай тағылымдамалар болашақ мамандардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, университет пен ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар


