Мәжіліс депутаты Б.Базарбек ҚазҰУ түлектеріне диплом табыстадыFarabi University

Мәжіліс депутаты Б.Базарбек ҚазҰУ түлектеріне диплом табыстады

3 шілде, 2025

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек ресми іссапармен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келіп, оның қызметімен танысты.

Депутатты қарсы алған ҚазҰУ басшылары мен ғалымдар университеттің тыныс-тіршілігі туралы баяндап, ғылыми орталықтардың жұмысымен таныстырды. Кампус тур барысында Бақытжан Базарбек Суперкомпьютер кластерін, «Қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасын, Farabi HUB инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығын аралады.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты ғылыми орталықтардың ғалымдарымен озық және инновациялық технологияларға негізделген перспективалық жобаларды талқылады. Сонымен қатар өндірістік процестерді цифрлық трансформациялау мәселелеріне назар аударылды.

  

Депутат Бақытжан Базарбек сондай-ақ ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінің түлектеріне диплом табыстады.

 Биыл бұл факультеттен 331 бакалавр, 83 магистр түлек оқуларын аяқтады. Диплом табыстау рәсімі FARABI HUB орталығында өтті.

​​​​​​​

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі