Биология және биотехнология факультеті 2025 жылғы түлектерге дипломдар табыстадыFarabi University

Биология және биотехнология факультеті 2025 жылғы түлектерге дипломдар табыстады

3 шілде, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультеті биылғы жылы 418 маманды дайындап шығарды, олардың ішінде 284 бакалавр және 134 магистр бар. 2025 жылғы 3 шілдеде диплом тапсырудың салтанатты рәсімі Farabi Hub заманауи алаңында өтті. Бұл орталық 2024 жылдың қыркүйек айында ашылып, КазҰУ қалашығы аумағында орналасқан инновациялық кеңістік болып табылады. Farabi Hub – бұл коворкинг аймағы, конференц-зал және студенттер мен ғалымдарға арналған бірегей бастамалар орталығы.

Салтанатты шараға түлектер, профессор-оқытушылар құрамы, биология саласының өкілдері және түлектердің ата-аналары қатысты. Факультет деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы құттықтау сөз сөйлеп, түлектер мен ұстаздарды оқу жылының табысты аяқталуымен шын жүректен құттықтады. Ол барлық бітіруші түлектерге алдағы кәсіби жолында табыс, жаңа белестер мен шығармашылық жетістіктер тіледі. Бакалавриат және магистратура түлектеріне дипломдар салтанатты жағдайда табысталды.

Мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды: фотозоналар, баннерлер, LED экрандар, жүргізушілер және концерттік бағдарлама дайындалды. Факультет басшылығы мен ұйымдастыру комитетінің үйлесімді жұмысының арқасында бұл күн есте қаларлық, жарқын әрі әсерлі болды.

134 магистрант келесі білім беру бағдарламалары бойынша диплом алды:

  • 7M01504 – Биология

  • 7M05101 – Биология

  • 7M05112 – Геоботаника

  • 7M08402 – Аквакультура және су биологиялық ресурстары

  • 7M05105 – Генетика

  • 7M05119 – Репродуктивті генетика

  • 7M05113 – Нейроғылым

  • 7M05102 – Биомедицина

  • 7M05109 – Биотехнология

  • 7M05114 – Вирустану

  • 7M05116 – Микробиология

Бакалавриат түлектері сондай-ақ келесі бағыттар бойынша дипломдар алды: "Генетика", "Нейроғылым", "Биомедицина", "Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау", "Биология", "Микробиология","Биологиялық инженерия" және "Биотехнология".

2025 жылғы түлектерді шын жүректен құттықтаймыз! Алған білімдеріңіз – болашақтағы ғылыми және кәсіби жетістіктеріңіздің берік іргетасы болсын!