Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайында ерекше және қызықты экскурсия өтті

Университет музейін студенттер мен шетелдік делегациялар ғана емес, «күміс» жастағы асыл әжелеріміз - Алматы қаласы әкімдігінің «Kumis Khasyr» қоғамдық қоры жанындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» қатысушылары тамашалады.
Орталықтың негізгі мақсаты – күміс жастағы егде адамдардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын жандандыру; салауатты ұзақ өмір сүруге насихаттау және шығармашылық, мәдени іс-шаралар арқылы өмірдің белсенді кезеңін ұзарту.
ҚазҰУ профессоры Мажренова Найля Рахымбекқызымен бірге - В.Бектыбаева, Ф.Жалилова, Л.Кенжебаева, С.Нұрмағамбетова, К.Мусин, Т.Сатылғанова және тағы басқа белсенді азаматшалар музей экскурсияларын зор ынтызармен тыңдап, еліміздің жетекші ЖОО-ның тарихы мен жетістіктері туралы көптеген мәліметтер алды.
Қазақстанның жоғары білім мектебінің құрылуы мен қалыптасу тарихына қызығушылық танытты. Экскурсия соңында өз алғыстары мен ризашылықтарын білдірді.
Басқа жаңалықтар
