Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының диплом табыстау рәсімі өттіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының диплом табыстау рәсімі өтті

10 шілде, 2025

2025 жылғы 10 шілдеде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы дайындайтын "6B05202 – Экология", "6B05201 – Геоэкология", "6B11202 – Экологиялық инженерия", "6B11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі" мамандықтары түлектеріне диплом табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға университеттің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Галеева Алина Кулбаевна қатысып, үздік білім көрсеткен түлектерге «Үздік диплом» табыстады.

Салтанатты жиында География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы  Актымбаева Алия Сагындыковна құттықтау сөз сөйлеп, түлектерге дипломдарын табыстады.

Сонымен қатар, "EKOSERVIS-S" ЖШС стратегиялық менеджмент директоры Аскаров Сейлхан Акказинович "Экология" және "Геоэкология" мамандықтарының түлектеріне диплом тапсырса, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты Базарбаева Тұрсынкүл Аманкельдиевна "Экологиялық инженерия" және "Қоршаған ортаны қорғау және ӨТҚ" мамандықтарының студенттеріне дипломдарын табыстады.

Салтанатты рәсім түлектердің ұстаздары мен ата-аналары үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш сәтіне айналды. Іс-шара барысында түлектерге болашақта сәттілік пен кәсіби табыс тілеген жылы лебіздер айтылды.