ҚазҰУ-да суперкомпьютерлік жүйелерді меңгеру курсы өтуде

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Farabi Supercomputer Center қызметкерлері үшін халықаралық ZTE компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған арнайы курс басталды. Оқу бағдарламасы жоғары өнімді есептеулер (HPC) және суперкомпьютерлік жүйелерді тиімді басқару саласындағы дағдыларды дамытуға бағытталған.
Курс бағдарламасы суперкомпьютерлердің архитектурасы мен қолданбалы тапсырмаларын терең зерттеуді, олардың орналастыру әдістері мен HPC жүйелерін басқаруды, жүйелік және пайдаланушы модульдерін орнату мен баптауды, сондай-ақ тапсырмалар жоспарлаушыларымен (SLURM) тиімді жұмыс істеуді және Conda мен басқа орта басқару құралдарын пайдалануды қамтиды. Қатысушылар күрделі ғылыми және инженерлік міндеттерді шешу үшін қажетті заманауи технологияларды меңгеретін болады.
ҚазҰУ-дың Инженерия және ғылымды қажетсінетін технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбаев атап өткендей, оқу процесі аралас форматта өтуде. Теориялық дәрістер нақты жағдайлардағы практикалық сабақтармен толықтырылады. Бұл Farabi Supercomputer Center мамандарына HPC саласындағы алған білімдерін ғылыми, инженерлік және өнеркәсіптік міндеттерді, соның ішінде климаттық жағдайларды болжау, физикалық процестерді модельдеу, биоақпараттану, үлкен деректерді өңдеу және тағы басқа үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл курс Қазақстандағы суперкомпьютерлік технологияларды дамытудағы маңызды қадам болып табылады және ҚазҰУ мен HPC саласындағы әлемдік жетекшілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
