🎉 Ғылыми жетістік – ұжымдық жеңіс!
18 шілде, 2025
Алматы қаласының топырақ жамылғысының техногендік ластануын ГАЖ технологиялары арқылы экологиялық бағалауға бағытталған ғылыми жобамыз б.ғ.к., доцент Гүлжанат Амангелдіқызы Мұқанованың жетекшілігімен және Топырақ экологиясы зертханасы мен Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының бірлескен еңбегімен қаржыландыруға ие болды!
Бұл шешім ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қарашадағы №487 бұйрығымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже негізінде қабылданды.