Батыс Қазақстан өңірінде ландшафтық-экологиялық жағдайды бағалау бойынша далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілудеFarabi University

Батыс Қазақстан өңірінде ландшафтық-экологиялық жағдайды бағалау бойынша далалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

24 шілде, 2025

BR21882122 бағдарламасы аясында «Жасыл өсу контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін орнықты дамыту: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбында Батыс Қазақстан аумағында ландашафтардың экологиялық жағдайын зерттеу бойынша кешенді далалық зерттеулер жүргізілуде.

 

 

Зерттеудің мақсаты- Батыс өңірінің негізгі учаскелерінде ландшафтардың экологиялық жай-күйі бойынша қашықтықтан зондтау деректерін верификациялау және өңірдің табиғи-ресурстық әлеуеті мен экологиялық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу үшін далалық жұмыстар жүргізу.

Далалық жұмыстар барысында бірнеше репрезентативті ландшафттық учаскелер зерттелуде. Әрбір зерттелетін аумақта жер бедері, топырақ, өсімдік жамылғысы сипатталып, антропогендік ықпал түрлері мен ауқымы тіркелуде. Кеңістіктік дәл визуалды деректерді алу мақсатында DJI Mavic 3 Pro дроны қолданылып, аэрофототүсірілім және аэрокартография жүргізілуде.

Жиналған материалдар табиғи кешендердің өзгеру динамикасын талдауға, ландшафтардың тұрақтылық деңгейін бағалауға, сондай-ақ ландшафтардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және олардың табиғи-ресурстық әлеуеті мен экологиялық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген талаптар мен іс-шаралар кешенін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Аталған далалық зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен (Грант № BR21882122) жүзеге асырылуда.