Құрлықтар кітаптар арқылы жақындайды: ҚазҰУ қатысуымен АҚШ делегациясы Алматыдағы кітапханаға бардыFarabi University

Құрлықтар кітаптар арқылы жақындайды: ҚазҰУ қатысуымен АҚШ делегациясы Алматыдағы кітапханаға барды

23 шілде, 2025

2025 жылы 23 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Trivium» орталығы өкілдерімен АҚШ-тағы орыс тілі оқытушыларына арналған жазғы бағдарламаның (ACCELS/ACTR) қатысушылары Алматы қаласындағы И.А. Крылов атындағы Қалалық балалар кітапханасына барып қайтты.

Америкалық тараптан іс-шараға қатысқандар:

          Венди Мартелл, орыс тілі бағдарламасының доценті (Аляска университеті, Фэрбенкс қаласы, Аляска штаты);

          Ольга Пайекарски, орыс тілі мұғалімі (Турнагейн бастауыш мектебі, Анкоридж қаласы, Аляска штаты);

          Аннализ Ривас, орыс және шығыс еуропалық зерттеулер бағдарламасының директоры (Густав Адольф атындағы колледж, Сент-Питер қаласы, Миннесота штаты);

          Уиллис Харт, орыс тілі оқытушыларына арналған жазғы бағдарламаның жергілікті директоры (Вашингтон, АҚШ).

Қазақстан тарапынан қатысқандар:

          Қаракөз Исаханқызы, И.А. Крылов атындағы Қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі;

          Гүлнара Кенже, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы;

          Майя Майтанова, кітап сақтау қорының қызметкері;

          Татьяна Пшенина, ф.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультеті шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми білім беру және аударма орталығы «Trivium» базасында «Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңестер (ACCELS/ACTR)» (Вашингтон, АҚШ) ұйымдастырған орыс тілі мұғалімдеріне арналған жазғы бағдарлама үшінші жыл қатарынан өтуде. Америкалық қатысушылардың барлығы АҚШ мектептері мен университеттеріндегі оқушылар мен студенттерге орыс тілі мен орыс әдебиетінен сабақ береді. Осыған орай, «Trivium» орталығының өкілдері қатысушыларға арнайы түрде Алматы қаласындағы И.А. Крылов атындағы Қалалық балалар кітапханасына экскурсия ұйымдастырды. Бұл іс-шара БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі №4 «Сапалы білім беру» және №17 «Орнықты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсаттарын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Кездесу барысында америкалық қатысушылар Алматыдағы кітапхананың мол қорына (шамамен 116 мың дана), балаларға ұсынылатын басылымдардың сапасына, кітапханалық қызметтің заманауи түрде жаңартылуы мен цифрландырылуына ерекше таңданыстарын білдірді. Сонымен қатар қатысушылар өзара үлкен қызығушылықпен келесі тақырыптарды талқылады:

  • әлемнің әр түкпіріндегі жас оқырмандардың қызығушылығын оятуды жалғастырып келе жатқан балалар әдебиетінің классикасы;
  • заманауи кітапханалардың инклюзивті білім беру мен тұлғалық дамуға ұсынатын мүмкіндіктері;
  • қазіргі кездегі білім беру мекемелері мен кітапханалар арасындағы өзара байланыстың жаңа сипаты мен өзгерістері.

Америкалық қатысушылар кітапхана тарапынан сыйлыққа ұсынылған аса құнды кітаптарды жылы қабылдады және оларды жаңа оқу жылында оқу процесінде қолданатынына ризашылықтарын білдірді. Алматыдан алынған бұл кітаптар арқылы америкалық оқушылар мен студенттер Қазақстан мен ТМД елдері туралы көбірек мәлімет алып, екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайта түседі.