Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Erasmus+ бағдарламасының жеңімпазы !Farabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Erasmus+ бағдарламасының жеңімпазы !

29 шілде, 2025

2025 жылы Erasmus+ бағдарламасы аясында жарияланған халықаралық конкурс нәтижесі бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті «MECAS» жобасымен (№101237042) жеңіске жетті.

Аталған жоба Capacity Building in Higher Education (CBHE) бағыты бойынша қолдау тапқан. Жобаға факультеттің екі жетекші құрылымы – Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы мен Картография және геоинформатика кафедрасы бірлесіп қатысып отыр. Бұл – университеттің халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі беделінің тағы бір дәлелі. Жоба аясында әзірленетін жаңа білім беру бағдарламасының координаторы PhD Какимжанов Еркін Хамитович.

Жоба шеңберіндегі алғашқы маңызды шара – 2025 жылдың 28 шілдесінде ҚазҰУ базасында өткізілген семинар болды. Оны Нүкіс мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, жоба серіктесі Асия Турениязова жүргізді. Семинар барысында жоба міндеттері, жоспарлары мен халықаралық серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.

Жаңа бастаманың университет ұжымына жаңа мүмкіндіктер мен табыстар алып келуіне тілектеспіз !