ҚАЗҰУ БОКСШЫСЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫFarabi University

ҚАЗҰУ БОКСШЫСЫ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

12 тамыз, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенті Әділет Тортубек  Бангкок (Таиланд) қаласында өткен жастар арасындағы (U19) Азия чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанып, екінші орын иеленді.

2025 жылдың 30 шілде – 11 тамыз аралығында өткен Халықаралық бокс додасында 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) сынға түсті.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынды иеленді.

(Фотосуреттер Boxingkazakhstan ресми инстаграм парақшасынан алынды)

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі