- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ профессоры Зүбайда Шадкам Түркі Академиясы ұйымдастырған жазғы мектепке қатысып, дәріс оқыды
ҚазҰУ профессоры Зүбайда Шадкам Түркі Академиясы ұйымдастырған жазғы мектепке қатысып, дәріс оқыды

2025 жылдың 10–17 тамызы аралығында Түрік Академиясы, Түркия Ғылым Академиясы (TÜBA), Әзербайжанның Білім және ғылым министрлігі мен Қарабақ университетінің бірлескен ұйымдастыруымен халықаралық жазғы мектеп өткен болатын. Ашылу рәсіміне Түрік Академиясының президенті, профессор Шахин Мұстафаев, TÜBA президенті профессор Музаффер Шекер және Қарабақ университетінің ректоры доцент Шахин Байрамов, сондай-ақ көптеген ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысқан еді.
Бағдарламаға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Иран, Моңғолия және Солтүстік Македониядан 35 жасқа дейінгі 30-ға жуық PhD докторанттар мен постдокторанттар қатысқан. Олардың қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің 2-курс докторанты Оңғар Аяулым да қатысты.
Бір аптаға созылған жазғы мектеп бағдарламасында түркі мемлекеттері тарихы, түркі әлемі археологиясы, түркі елдері арасындағы мәдени байланыстар, өнер мен ой тарихы, түркі тілдері мен әдебиеті бойынша дәрістер оқытылған. Сонымен қатар қатысушылар Ханкенді мен Шуша қалаларына барып, аймақтың тарихи-мәдени мұрасымен жақыннан танысқан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен Жазба жәдігер және рухани мұра ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Зүбайда Шадкам да арнайы дәріс оқыған. Оның баяндамасы «Орта Азияда жазылған шағатай тіліндегі медициналық мәтіндердің ерекшеліктері» тақырыбына арналды. Бұл дәріс жас ғалымдардың түркі жазба мұралары мен медициналық ой-санасының тарихи дамуын тереңірек зерделеуіне ықпал еткен.
Кайранбаева Н.Н.
Басқа жаңалықтар

