ТДМ 4 және TДМ 9: Физика-техникалық факультет деканы, профессор Бейсен Н.А.-ның 1-курс студенттерімен лидерлік дәрісіFarabi University

ТДМ 4 және TДМ 9: Физика-техникалық факультет деканы, профессор Бейсен Н.А.-ның 1-курс студенттерімен лидерлік дәрісі

2 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Білім күніне орай факультет деканы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Бейсеннің лидерлік дәрісі өтті. Іс-шара бірінші курс студенттеріне арналып ұйымдастырылып, оған 250-ден астам студент қатысты.

Дәріс барысында факультет деканы факультеттің құрылымы, кафедралары, білім беру бағдарламалары мен негізгі ғылыми бағыттары жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ кафедра меңгерушілері және олардың ғылыми және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары таныстырылып, студенттерге оқу, ғылыми қызмет және кәсіби даму мүмкіндіктері жайлы ақпарат берілді.

Іс-шараға арнайы қатысқан ҚазҰУ-дың ғылым жөніндегі проректоры М.К. Ибраимов пен академиялық мәселелер жөніндегі проректоры А.К. Галшеева студенттерге қолдау көрсетіп, университет дамуына жастардың қосатын үлесін ерекше атап өтіп, бірінші курс студенттеріне жаңа оқу жылында табыс тіледі.

Лекция студенттердің академиялық мәдениетін қалыптастыруға және факультеттің ғылыми-оқу өміріне белсенді араласуына ықпал етті. Декан өз сөзінде жоғары білікті мамандарды даярлау БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаты №4 (Сапалы білім) талаптарына сәйкес келетінін және №9 мақсатпен (Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым) тығыз байланысты екенін атап өтті. Бұл факультеттің жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялану бағытын нақтылай түседі.

Іс-шара студенттердің бойында шабыт пен жаңа жетістіктерге деген сенім қалыптастырды.