- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының оқытушылары «Хабар 24» телеарнасында сарапшы ретінде сөз сөйледі
Қытайтану кафедрасының оқытушылары «Хабар 24» телеарнасында сарапшы ретінде сөз сөйледі

2025 жылдың 31 тамызы — 1 қыркүйегі аралығында Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Осы оқиғаға байланысты Қытайтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы — профессор Мұқаметханұлы Нәбижан және қауымдастырылған профессор Дәуен Динара «Хабар 24» телеарнасына сараптамалық пікір берді. Ғалымдар саммиттің аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы, экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі және Қазақстан-Қытай диалогын дамытудағы маңыздылығын атап өтті.
Кафедра оқытушыларының телеарнадағы сараптамалық сөзі Қытайтану кафедрасының жоғары ғылыми әлеуетін және Орталық Азиядағы халықаралық қатынастар жөніндегі қоғамдық-ғылыми пікірталасқа белсенді қатысуын айқындады.