"Кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер"Farabi University

"Кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер"

3 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 3 қыркүйекте Тілдер мерекесіне орай ф.ғ.д., қауымдастырылған профессор Жұбай "Кескекті кезеңде келелі істер тындырған кемел ер" атты көшбасшылық дәрісі өтті. Дәріс ұлт ұстазы, қазақ жазуы мен тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен қайраткерлік қызметіне арналды. Шара барысында профессор Орынай Жұбайқызы Ахмет Байтұрсынұлының қиын-қыстау заманда жасаған қайсар қадамдары мен ұлттық мүдде жолындағы ерлігін кеңінен ашып көрсетті. Көшбасшылық қасиеттер, ұлтқа қызмет етудің биік үлгісі ретінде Алаш арысының өмір жолы тыңдаушыларға терең ой салды. Дәріс қатысушылар тарапынан зор қызығушылықпен қабылданып, мазмұнды пікір алмасуға ұласты.