Шығыстану факультетінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ғылыми кездесуFarabi University

Шығыстану факультетінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған ғылыми кездесу

5 қыркүйек, 2025

 

2025 жылғы 5 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасында профессор-оқытушылар мен студенттердің ғылыми кездесу іс-шарасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылып, көпұлтты қоғамдағы тілдердің рөлі мен қазақ тіл білімінің қалыптасу тарихына арналды. Кездесу барысында айтылғандай, елімізде 85-тен астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді және әр халықтың тілі  оның рухани мәдениетінің айнасы: әр тілдің өзіндік тарихы мен тағдыры бар, ал тіл арқылы адамдар бір-бірін түсініп, ұлттық дәстүрлерімен сусындайды.

Кездесудің негізгі бөлімінде Түріктану және Шығыс елдері тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ілияс Нұрат Ахмет Байтұрсынұлының тіл саласына қосқан үлесі туралы ғылыми баяндама жасады.

Кездесу соңында қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің ұлттық кодын сақтау және дамытудағы зор рөлін тағы бір мәрте атап өтті. Ғылыми шара барысында тыңдаушылар нақты деректер мен кәсіби талдауларға сүйене отырып, қазақ тілінің даму тарихы мен оның заманауи маңыздылығы жөнінде салиқалы тұжырым жасады. Бұл ғылыми-кездесу студенттер мен жас зерттеушілерді ұлттық тілдің жаһандық деңгейде орнын анықтауға ынталандырды және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің ғылыми-қоғамдық маңызын көрсеткендіктен жаңалық сипатында өтті.