Әзербайжан тілдер университетінің PhD докторы Гюнель Гараеваның дәрістері өтті

1-5 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде «Орхун» академиялық алмасу бағдарламасы аясында Әзербайжан тілдер университетінің PhD докторы Гюнель Гараеваның дәрістері өтті.
Факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты Мейрбаев Б.Б., философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Құранбек А.А. және дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты А.Д.Құрманалиева шақырылған оқытушымен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында факультеттің қызметі талқыланып, түркі халықтары үшін ерекше маңызға ие Әзірбайжан және оның академиялық қауымдастығымен достық және бауырластық қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Апталық барысында Гүнел Гараева философия және дінтану және мәдениеттану кафедраларының студенттеріне ашық дәріс оқыды. Дәрістер үлкен қызығушылық тудырып, студенттер үшін маңызды тәжірибе болды. Жастар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысты, баяндамалардың тәрбиелік, шабыттандыратын сипатын атап өтті.
Дәрістер курсы аяқталған соң факультет атынан доктор Гюнель Гараеваға жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс ретінде сертификат табысталды.
Философия және саясаттану факультеті Гюнель Гараеваның білім беру үдерісіне қосқан үлесіне ризашылығын білдіріп, Әзербайжан университеттерімен академиялық байланыстардың одан әрі дамуына үміт артады.
Басқа жаңалықтар

