- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады
Қытайтану кафедрасының ұжымы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады

8 қыркүйек күні Қытайтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Жолдау барысында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім мен ғылым саласын жетілдіру, жастардың болашағы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелеріне ерекше назар аударды. Мемлекет басшысы жаңа бастамаларды іске асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.
Кафедра ұжымы Жолдауды тыңдай отырып, онда айтылған міндеттердің маңыздылығын атап өтіп, білім мен ғылым саласына қатысты тұстарын талқылады. Әсіресе, жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ғылыми зерттеулерді дамытуға қатысты бастамалар қытайтанушылар үшін ерекше мәнге ие болды.
Қытайтану кафедрасының оқытушылары Жолдауда көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыру жолында өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Басқа жаңалықтар


