- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология пәні бойынша беделді халықаралық олимпиадаға мектеп оқушыларын даярлау жөніндегі жазғы мектеп
Биология пәні бойынша беделді халықаралық олимпиадаға мектеп оқушыларын даярлау жөніндегі жазғы мектеп

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасы 2025 жылдың 20–27 шілдесі аралығында Кесон-Сити (Филиппин) қаласында өткен 36-шы Халықаралық биология олимпиадасына (IBO) мектеп оқушыларын даярлауға ат салысты.
Оқушыларымыз биология саласы бойынша өте жақсы нәтижелер көрсете отырып, Қазақстанның абыройын асқақтатып, қола медаль иеленді.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды:
- Теориялық тур — молекулалық және жасушалық биология, генетика, экология, эволюция және биожүйелеу бойынша күрделі есептерді шешу;
- Практикалық тур — зертханалық жұмыстар жүргізу, микроскопия, үлгілермен жұмыс және биологиялық үдерістерді талдау.
Мектеп оқушыларын практикалық тұрғыдан дайындауға молекулалық биология және генетика кафедрасының, жетекші ғалымдары мен оқытушылары — Амирова А.К., Суворова М.А., Ловинская А.В., Қуанбай Ә.Қ. и Алыбаев С.Д. белсенді қатысты. Олар оқушыларға молекулалық биология және гендік инженерия саласында қолданатын заманауи әдістер бойынша зертханалық сабақтар мен тәжірибелер өткізді.
Біз жас биологтарымыздың жетістіктерімен шын жүректен мақтанамыз, олардың табандылығы мен дарынына тәнтіміз, әрі халықаралық аренада жаңа жеңістер тілейміз. Кафедра осындай маңызды іске — ғылымның болашақ данышпандарын қолдау мен дамытуға қуана үлесін қоса бермек.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар


