ТДМ 4:ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауына үн қосуFarabi University

ТДМ 4:ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауына үн қосу

8 қыркүйек, 2025

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  биылғы дәстүрлі жолдауында еліміздің дамуына қатысты аса маңызды көптеген мәселелер айтылды. Қазіргі саяси және экономикалық қарама қайшылығы мол заманда Қазақстанды қалай аман сақтап дамытамыз деген ой бүкіл жолдаудың арқауы болды. Соның ішінде, әсіресе, Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан ары дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін өзі толық қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Президенттің тағы да бір ерекше тоқталған мәселесі елімізді жаппай және толық цифрландыру мәселесі. Жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін кеңінен игеру және күнделікті өмірде пайдалану қоғамның кезек күттірмейтін қажеттілігі. Осымен байланысты жасанды интеллектті игерудің оқу бағдарламасы жасалып, оны оқу үрдісіне жедел енгізу керек.

Біздің қоғамымыздың негізгі байлығы сапасы жоғары, білімді адами ресурстар. Қоғамда жоғарғы білімді мамандар даярлауға, ғылымды дамытуға, ғылымның өндіріспен байланысын дамытуға орасан зор қаржы бөлінуде. Бұл жерде негізгі маңыздысы техникалық мамандар даярлау және ол мамандардың өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Президенттің жолдауы үлкен ынтамен тыңдалды. Оның таза қазақ тілінде жасалғанын да ерекше атап өткен жөн. Жолдауда айтылған мәселелерді физика-техникалық факультеттің ұжымы және студенттері үлкен ынтамен қолдап, жүзеге асыруға ат салысады деп сенемін.

Теориялық және ядролық физика кафедрасының физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Имамбек О.