ҚазҰУ студенттері мерекелік концертке қатысты

2025 жылғы 3 қыргүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің студенттері «Естелік пен бірлік әуендері» атты Қазақстан және Корея өнер қайраткерлерінің біріккен мерекелік концертіне қатысты. Іс-шара Корея Республикасының азаттық алуының 80 жылдығына арналды.
Мәдени-шығармашылық алмасу жобасы аясында Қазақстан корейлер қауымдастығы ұйымдастырған концерт Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында өтті. Студенттермен бірге қауымдастық мүшелері А.В. Ким және Р.Ф. Сабирова да шараға қатысып, өнердің озық туындыларын тамашалады.
Концерт Қазақстан мен Корея халықтарының достығын және тарихи сабақтастығын айқындайтын ерекше мәдени шара болды. Жастар үшін бұл тек мерекелік кеш қана емес, сонымен қатар әртүрлі елдердің тарихы мен мәдениетін тереңірек танып-білуге жол ашқан тағылымды тәжірибе болды.
Бұл мәдени іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының бірнеше Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді. ТДМ 4 – Сапалы білім: студенттердің мәдени дүниетанымын кеңейту және рухани дамуына ықпал ету. ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар: қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған мәдени іс-шараларды қолдау. ТДМ 17 – Мақсаттарға қол жеткізу жолындағы серіктестік: Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамытып, халықтар арасындағы достықты нығайту.
Мұндай мәдени жобалар халықаралық ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, жастардың рухани-мәдени әлеуетін арттырып, олардың әлемдік өркениет құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелейді.
Болат ӘБЕНОВ,
Механика-математика факультетінің аға кураторы
Басқа жаңалықтар


