Физика-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары ITeachMe қоры және Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы ұйымдастырған ақпараттық науқанға қатысты. ТДМ 4 және ТДМ 9Farabi University

Физика-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары ITeachMe қоры және Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы ұйымдастырған ақпараттық науқанға қатысты. ТДМ 4 және ТДМ 9

10 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 10 қыркүйекте Заң факультетінің 305-аудиториясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығы мен ITeachMe қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған ақпараттық науқан өтті.

Іс-шара студенттердің инновациялық және инклюзивті технологиялық жобаларға қатысуына бағытталды. Ақпараттық науқанға Физика-техникалық факультеттің студенттері мен оқытушылары қатысып, ұсынылған мүмкіндіктерге жоғары қызығушылық танытты.

Кездесу барысында қатысушылар ITMLab жобасы туралы толық ақпарат алды. Жоба хакатон мен инкубатор форматтарын біріктіріп, студенттерге өз идеяларын іске асыру үшін 600 000 теңге көлемінде грант алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл науқан студенттер мен жас зерттеушілерге кәсіби байланыстарды кеңейтуге, республикалық деңгейде бастамаларын ұсынуға және университеттің инновациялық экожүйесіне белсенді қатысуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланыс:

  • ТДМ 4 – Сапалы білім беру: студенттердің білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту және олардың зерттеу белсенділігін арттыру.

  • ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым: технологиялық кәсіпкерлікті және инновациялық экономиканы дамытуға бағытталған жобаларды қолдау.

Осылайша, Физика-техникалық факультет студенттері мен оқытушыларының ақпараттық науқанға қатысуы университеттің инновациялық әлеуетін нығайтуда және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуда маңызды қадам болды.