ҚазҰУ ғалымдары ғарыш технологияларын дамытуға серпін берудеFarabi University

ҚазҰУ ғалымдары ғарыш технологияларын дамытуға серпін беруде

9 қыркүйек, 2025

8–9 қыркүйек күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ғарыш саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, жаңа технологияларды ілгерілету және ғылым-білім мен өндірісті интеграциялау мақсатында Space Days Kazakhstan – 2025 халықаралық форумы өтті.

Форумға 50-ден астам мемлекеттің делегациялары, халықаралық ұйымдар, жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен бизнес өкілдері және ғарыш саласының мамандары қатысты.

ҚазҰУ ғалымдары Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет «Al-Farabi-1» және «Al-Farabi-2» наноспутниктерін жасап, ғарышқа шығарды. 2026 жылы Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетімен бірлескен «NKSAT» микроспутнигін ұшыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, плазма физикасы, нанотехнология және комьютерлік физика кафедрасының жас ғалымдары ғылыми жоба аясында өз үлестерін қосуда