Молекулалық биология және генетика кафедрасындағы жазғы мектеп

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасы Еуропалық Лефке университетінің (Кипр) студенті Аяулым Алькеева 2025 жылдың 4-17 қыркүйек аралығында профессор А.К. Бисенбаевтың молекулалық генетика зертханасында 10 күндік (80 сағат) жазғы мектептен өтуге бірегей мүмкіндік алды.
Бағдарлама аясында Аяулым молекулалық биология мен генетиканың заманауи әдістерін меңгерді. Атап айтсақ, нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың электрофорезі, ақуыздарды тазарту әдістері, полимеразды тізбекті реакция (ПТР), сондай-ақ жасушалық дақылдармен жұмыс істеудің негіздерімен танысты. Алған білімдері мен практикалық дағдылары оның академиялық және кәсіби дамуына айтарлықтай үлес қосты.
Аяулым Алькеева үшін жазғы мектепке қатысу ұмытылмас тәжірибе, ғылыми қызығушылығын тереңдетіп, ары қарай ғылыми-зерттеу саласында өсуге деген талпынысын нығайтты.
Аяулым Алькеева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ң молекулалық биология және генетика кафедрасына өткізілген жазғы мектеп үшін алғысын білдіреді, ал, кафедра Аяулымға оқу мен ғылыми дамуына табыс тілейді.
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
Басқа жаңалықтар


