- Басты бет
- Жаңалықтар
- Васэда университетінің Human Sciences факультетімен бірлескен семинар Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде өтті
Васэда университетінің Human Sciences факультетімен бірлескен семинар Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде өтті

11 қыркүйек 2025 жылы Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының жапонтану бөлімінде Жапонияның Васэда университетінің Human Sciences факультеті делегациясымен workshop (семинар) және мәдениаралық алмасу форматында кездесу өтті. Биылғы сапар - Огихара ұстаз жетекшілік ететін «Kazakhstan Study Tour» бағдарламасының 24-ші легі. Делегация құрамында 2 оқытушы және 10 студент болды.
Кездесу аясында ҚазҰУ-дың жапонтану бөлімінің студенттері өз университетін таныстырып, қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын көрсетті. Өз кезегінде Васэда университетінің студенттері де оқу орны туралы мазмұнды презентация жасап, интерактивті ойындар ұйымдастырды. Қонақтар студенттерге естелік сыйлықтар табыстап, Жапония мәдениетін сезіндіру мақсатында жапон тәттілері, мисо сорпасы және шайдан дәм ұсынды.
Іс-шара екі оқу орнының студенттері мен оқытушылары арасында білім және мәдени тәжірибе алмасуға, академиялық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді. ҚазҰУ-дың Қиыр Шығыс кафедрасы мен Васэда университеті арасындағы осындай тұрақты кездесулер жыл сайын өтіп, жергілікті студенттерге құнды ақпарат пен ұмытылмас әсер сыйлап келеді.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл кездесулер екі университет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, студенттер үшін білім және мәдени тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналып келеді. Кафедра ұжымы алдағы уақытта да ынтымақтастықты тереңдетіп, бірлескен семинарлар, қысқа мерзімді мектептер, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін мәлімдеді. Екі университет арасындағы достық қарым-қатынастың ұзақ мерзімді әрі нәтижелі болатынына сенім білдірілді.
Басқа жаңалықтар


