
ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру» және 8-ші Лайықты еңбек және экономикалық өсу мақсаттарына сәйкес Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Экономика" кафедрасы 10-шы май мен 15-ші июль аралығында Қазақстан Республикасының көрнекті ғалым-экономисі академик Я.А.Әубәкіровтің туғанына 100 жыл толуына орай қазақстандық жоғары оқу орындары білім алушылары арасында республикалық эссе байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты - Я.А.Әубәкіровтың ғылыми мұрасын сақтау және ғылыми идеяларын дәріптеу арқылы ұлттық экономиканы дамытуға үлес қосуды көздеу еді.
Республикалық Эссе байқауына 59 студенттік және магистрлік жұмыстар түсті. Конкурсқа республиканың жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, атап айтқанда Алматы, Астана, Шымкент республикалық қалалардың, Семей, Өскемен, Атырау, Талдықорған және басқа да өңірлердің жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура оқу нысанындағы білім алушылары қатысты. Жоғары оқу орындарды айтар болсақ: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, Қазақ-Британ техникалық университеті, И.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, "Шәкәрім университеті" КЕАҚ, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және т.б.
Республикалық Эссе байқауының нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, I, II, III дәрежелі атаулы дипломдармен және академик Я.А.Аубакиров отбасы атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталады (I орын – 300 мың теңге; II орын - 200 мың теңге; III орын – 100 мың теңге), ал байқаудың қалған қатысушыларына байқауға қатысу туралы Сертификаттар беріледі және жетекшілеріне Алғыс хаттар табыс етіледі. БАЙҚАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША:
І-ші орын иегерлері: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «6В04109 – Цифрлық экономика» мамандығының 4-ші курс студенттері: Беркін Дильназ, Смагул Жандос. Жетекшісі: «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Иляшова Г.К.
ІІ-ші орын иегерлері:
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «6В04103 – Экономика» мамандығының 4-ші курс студенттері: Халижан Диана және Адил Анис. Жетекшілері: «Экономика» кафедрасының профессоры, э.ғ.д., Тулегенова М.С. және PhD, аға оқытушы Иляшова Г.К.
- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 2-ші курс магистранты Мендыхан Жанна Сунгатуллина. Жетекшісі: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Адиетова Эльмира Мизамгалиевна.
ІІІ-ші орын иегерлері:
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Қаржы» білім беру бағдарламасы ЭФ-23-5К1 тобының 3-ші курс студенті Делишева Данель Нуржанқызы. Жетекшісі: PhD, аға оқытушы Пазилов Галимжан Абдирсулович
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Тасболат Алтынгүл Серікбайқызы. Жетекшісі: PhD, аға оқытушы Кульмаганбетова Айсулу Султановна
- Қазақ-Британ техникалық университеті Болат Малика Қанатқызы. Жетекшісі: PhD Мукашев Ержан Булатович
Ұйымдастырушылар: «Экономика» кафедрасының оқытушылары.
Басқа жаңалықтар

