Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да MIT профессоры Харви Лодиштің дәрісі өтедіFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да MIT профессоры Харви Лодиштің дәрісі өтеді

16 қыркүйек, 2025

Күні: 29 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай Массачусетс технологиялық институтының (MIT, АҚШ) профессоры, Уайтхед биомедициналық зерттеулер институтының негізін қалаушы Харви Ф. Лодиштің қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді.

 

Бағдарлама үш негізгі бөлімнен тұрады:

Лидерлік дәріс

Харви Лодиш «Жаңа технологиялар және ауруларды емдеуге арналған

табысты биотехнологиялық компанияларды құру: жеке тарих» тақырыбында дәріс оқиды. Шара ҚазҰУ-дың 15-қабатында 11:00–12:30 аралығында өтеді.

Зертханаларға бару

Профессор биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология, генетика және биотехнология кафедраларының зертханаларымен танысады. Бұл іс-шара 14:30–15:30 аралығында ГУК-6 ғимаратында өтеді.

Кампус-тур

Бағдарламаның қорытынды бөлімінде профессор Лодиш ҚазҰУ кампусын аралап, университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен танысады. Кампус-тур 15:30–16:30 аралығында ұйымдастырылады.

 

Арнайы қонақ ретінде іс-шараға АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин қатысады. Дәрісті ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰУ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор А.К. Бисенбаев жүргізеді.

Іс-шаралар ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдары үшін мол тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынып, университеттің халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.

Ғылым және инновациялық қызмет департаменті