- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қытайтану кафедрасының оқытушысы «Qadam» клубында "Жұмсақ күш феномені" туралы дәріс оқыды
Қытайтану кафедрасының оқытушысы «Qadam» клубында "Жұмсақ күш феномені" туралы дәріс оқыды

15 қыркүйек күні Қытайтану кафедрасы менгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Керимбаев Е.А арнайы шақырумен барып студент-жастардың «Qadam» танымдық клубында дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы кафедра ғалымының зерттеп жүрген бағытымен үндес - «Жұмсақ күш феномені» деп аталды. Жиынға Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен түрлі қызметтегі, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан адамдар қатысты. Олардың қатарында мектеп мұғалімдері де көп болды.
Кафедрамыздың аға оқытушысы PhD доктор Керімбаев бүгінгі күні әлемдік аренада күннен күнге бәсі артып келе жатқан жұмсақ күш феномені туралы жан-жақты қызықты ақпараттармен бөлісті. Оның маңызы мен мәніне, шығу қайнарына, ерекшелігіне, даму сатыларына және бүгінгі күні сол күшті өзінің саясатында қолданып отырған мемлекеттерге тоқталып өтті. Қазақтың да жұмсақ күш потенциалы біршама сөз болды. Дәріс тыңдаушылардың зор қызығушылығы мен ықыласын тудырды. Дәріс соңынан көптеген сұрақтар қойылды.
Басқа жаңалықтар


