ҚазҰУ магистранты республикалық ғылыми байқауда ІІІ орынға ие болдыFarabi University

ҚазҰУ магистранты республикалық ғылыми байқауда ІІІ орынға ие болды

17 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Жантасова Малика Мадиярқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен 2024–2025 оқу жылына арналған республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының ІІ кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Магистранттың «Бұрғылау бағандарының сызықтық емес динамикасын математикалық және компьютерлік модельдеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы заманауи инженерлік есептерді шешуде және математикалық модельдеуді қолдануда ерекше мәнге ие. Жоба бұрғылау үдерістеріндегі күрделі динамикалық құбылыстарды талдап, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл еңбек ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.

Маликаға алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!

МКМ кафедрасы