Excellence Strategy компаниясымен серіктестік орнайдыFarabi University

Excellence Strategy компаниясымен серіктестік орнайды

18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов Excellence Strategy делегациясымен кездесіп, ғылым мен инновация саласындағы әріптестіктің перспективалық бағыттарын талқылады.

Өз сөзінде проректор ғылым, жоғары білім және кросс-мәдени өзара іс-қимыл саласындағы 14 жоғары оқу орнымен, соның ішінде Макс Планк атындағы Коллоидтар мен тегістіктерді зерттеу институты, Гиссендегі Юстус-Лисбиг университеті, Гельмут Шмидт атындағы университет және басқа да германиялық ұйымдармен белсенді стратегиялық ынтымақтастықты атап өтті. Серіктестік келісім аясында академиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті базасында Фридрих Эберт атындағы қордың белсенді көмегімен Германдық зерттеулер орталығы (ГЗО) жұмыс істейді. «Біздің университет Excellence Strategy-мен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі, бұл ірі пәнаралық жобаларды іске асыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді», – проректор.

DFG вице-президенті, Саар университеті физика факультетінің және Биофизика орталығының профессоры Карин Якобс ҚазҰУ басшылығына алғыс білдіріп, 2019 жылдан бастап Германия университеттері мен жоғары оқу орындарында озық зерттеулер мен ғылымды қолдайтын Германия федералды үкіметі мен жерлерінің Excellence strategy бағдарламасы туралы айтты. Бағдарламаның мақсаты – ғылыми жобаларды қолдау және озық ғылыми бағыттарды дамытуға жәрдемдесу.

Сөз соңында Карин Якобс: «Біз ҚазҰУ-мен ынтымақтастықтың зор әлеуетін көріп отырмыз. Excellence Strategy ұзақ мерзімді серіктестікке бағытталған ынтымақтастықтың әртүрлі форматтарын қарастыруды ұсынады», – деді.

Жүздесу аясында тараптар Excellence Strategy шеңберіндегі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын, оның ішінде бірлескен зерттеу топтарын, ғалымдар және студент алмасу, қазақстандық ғалымдарды ғылыми жобаларға қатыстыру мүмкіндіктерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі