- Басты бет
- Жаңалықтар
- Молекулалық спектроскопия сабағында JoVE бейнематериалдарын пайдалану арқылы инновациялық оқыту әдістері
Молекулалық спектроскопия сабағында JoVE бейнематериалдарын пайдалану арқылы инновациялық оқыту әдістері
.jpeg)
2025 жылдың 9 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасының аға оқытушысы PhD Ж.А. Супиева “Applied Molecular Spectroscopy” пәні бойынша 7M05301 – Химия білім беру бағдарламасының 2-курс ағылшын топ студенттеріне сабақ өткізді. Сабақ барысында JoVE (Journal of Visualized Experiments) платформасының ресурстары қолданылды.
Сабаққа Mahima Mohandas, JoVE компаниясының оқытушыларды қолдау жөніндегі маманы (Customer Success Specialist) қатысты. Ол 8–10 қыркүйек аралығында Азги Алмамедовамен бірге арнайы іссапармен ҚазҰУ-ға келген болатын. Олар ғылыми визуалды контентті білім беру үдерісіне тиімді енгізу бойынша университеттермен тығыз жұмыс істейтін команда өкілдері.
Сабақ барысында бірлескен интерактивті квиз өткізілді, бұл студенттердің оқу үдерісіне қызығушылығын едәуір арттырды. Сонымен қатар, жеке бейнеплейлист пайдаланылды:
https://app.jove.com/playlist?plid=10616591
ҚазҰУ кітапханасы JoVE платформасындағы кең ауқымды ғылыми және білім беру бейнеконтентіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. JoVE командасының қолдауының арқасында ҚазҰУ оқытушылары:
- дәрістер мен зертханалық сабақтарға арналған бейнематериалдарды таңдауда көмек алды;
- интерактивті тапсырмалар мен тесттер құрастыру бойынша идеялармен танысты;
- бейнелерді оқу және ғылыми жұмыстарға тиімді енгізу жолдары туралы ұсыныстар алды.
JoVE мультимедиялық ресурстарын интеграциялау оқу үдерісін көрнекі, қызықты әрі нәтижелі етеді, күрделі ғылыми ұғымдарды терең түсінуге көмектеседі.
JoVE – ғылыми бейнелерді шығару және ұсыну бойынша әлемдік жетекші компания, оның миссиясы - бүкіл әлемде ғылыми зерттеулер мен білім сапасын арттыру.
PhD Ж.А. Супиева
Басқа жаңалықтар


