Орталық Азияның орнықты даму мақсаттары өзгермелі әлемдік тәртіпте. ТДМ4 және ТДМ 17Farabi University

Орталық Азияның орнықты даму мақсаттары өзгермелі әлемдік тәртіпте. ТДМ4 және ТДМ 17

19 қыркүйек, 2025

 

Форум Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттарының саяси, экономикалық және ғылыми қырларына, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қатысты жаһандық әрі өңірлік тұрғыда қаралатын мәселелерге арналды. Тұрақты даму климаттың өзгеруінің контекстін және оның салдарын түсінуді, сондай-ақ декарбонизация мақсаттарына қол жеткізу үшін тиімді шараларды, соның ішінде ғылыми шешімдерді айқындауды көздейді.

Салтанатты ашылуда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Құрышбаев құттықтау сөз сөйлеп, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) ерекше маңыздылығын және қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлерге ортақ шешімдер іздеудің қажеттілігін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жылы лебізін білдіріп, форум жұмысының нәтижелі болатынына сенім артып, барлық қатысушыларға табыс тіледі.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, Рур университеті (Bochum), Германияның ғылыми қоры (DFG), Қазақ-Неміс университеті, GFZ Гельмгольц Геоғылымдар орталығы және Германияның басқа да жетекші ғылыми ұйымдарының серіктестігімен ұйымдастырылды.

Форум ғылым, білім және инновация саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін ғалымдар мен сарапшыларды біріктірген халықаралық диалог алаңы болды