
2025 жылдың қазан айында «Қазақстандағы араб тілі айы» атты ауқымды мәдени-ағартушылық ісшарасы аясында студенттерге арналған үш байқау өтеді:
1. «Араб каллиграфиясы» байқауы – дәстүрлі стильдегі көркем жазу (насх, рука, зулс, диуани, куфи, т.б.).
2. «Араб өлеңдерін жатқа оқу» байқауы – классикалық және қазіргі араб поэзиясының үлгісін жатқа айту.
3. «Араб тіліндегі сторителлинг» байқауы – араб прозасынан үзінділерді интонацияға, дикцияға,
мазмұнын түсінуге мән беріп жатқа оқу.
Ұйымдастырушылар:
— Король Салман халықаралық араб тілі академиясы (Сауд Арабиясы Корольдігі),
— Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Арабтану орталығы (Қазақстан).
Қатысу шарттары:
— Университет студенттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында оқитын шетелдік студенттер
қатысуға рұқсат етіледі
— Қатысушылардың жасы: 17 жас және одан жоғары.
— Студент үш байқаудың біреуіне ғана қатыса алады.
— Тіркеу онлайн жүзеге асырылады.