Малайзиядан келген делегация музейді аралады
18 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарихи музейіне Малайзиядан делегация келді. Делегация құрамында университеттердің, ғылыми орталықтар мен мәдени ұйымдардың өкілдері болды. Қонақтарды музей қызметкерлері жылы қарсы алды. Экскурсия барысында делегация ҚазҰУ тарихынан сыр шертетін экспозициялармен танысты. Делегация мүшелері музей жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру мен тарихи мұраны сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Қонақтар қонақжайлық пен мазмұнды экскурсия үшін алғыстарын білдірді. Бұл сапар Қазақстан мен Малайзия арасындағы мәдени және академиялық байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болды
Басқа жаңалықтар

8 қазан, 2025

8 қазан, 2025

8 қазан, 2025