ТДМ 6 – Таза су және санитарияFarabi University

ТДМ 6 – Таза су және санитария

20 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 20 қыркүйекте Тұрақты даму мақсаттарының– «Таза су және санитарияны» жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында жалпыуниверситеттік сенбілік өткізілді. Іс-шараға филология факультетінің деканы мен деканның орынбасарлары, шет тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ факультеттің докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Сенбілік барысында университет аумағының санитарлық жағдайы жақсы екені байқалды – қоқыс мөлшері аз болды. Бұл студенттер мен қызметкерлердің экологиялық мәдениетінің жоғары деңгейін, сондай-ақ университет кампусының тазалығы мен тәртібіне жауапты қызметтердің тиімді жұмысын көрсетеді.

Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары

Жиреншина К.А.

Махметова Д.М.