ҚазҰУ журналистика факультеті "Таза Қазақстан" акциясына қатысты
.jpeg)
Бүгінгі бүкіл әлемдік акцияға журналистика факультетінің оқытушылары мен студенттері белсене қатысты. ҚазҰУ профессоры, Қазақстан журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев бастап, тырмасын жерге тіреп, елдік ауқымда өтіп жатқан бүкіл әлемдік акциясына қатысты. ҚазҰУ ұлағатты ұстаздары Какен Камзин, Клара Кабылгазина, Коныр Мухатаева, Лариса Павловна да студенттерін ерте шықты. ҚазҰУ дәріскері, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек те тазалық акциясына атсалысып, әрі ашық аспан астында шеберлік дәрісін де өткізді. Олар оқу ғимараттарының маңын, саябақтар мен көшелерді тазартты. Оқытушылар да жастармен бірге еңбек етіп, үлгі көрсетті. Сенбілік барысында ұстаз бен шәкірттің ынтымағы айқын сезілді.
Бұл шара Президенттің Жолдауындағы «таза әрі жайлы экологиялық орта қалыптастыру» міндетімен үндеседі. Жолдауда айтылғандай, әр азамат туған жерінің дамуына үлес қосуы тиіс.
Басқа жаңалықтар

