- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның Халықаралық бейбітшілік күні мен ТДМ-ға арналған іс-шаралар өтті.
Халықаралық қатынастар факультетінде БҰҰ-ның Халықаралық бейбітшілік күні мен ТДМ-ға арналған іс-шаралар өтті.
2025 жылдың 19 қыркүйегі, жұма күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті жанындағы БҰҰ туралы ақпараттың академиялық өңірлік ресурстық орталығы Халықаралық бейбітшілік күніне арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға халықаралық қатынастар факультетінің студенттері қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Бірінші курс студенттері Халықаралық бейбітшілік күні жөнінде баяндама жасап, бейбітшілікті сақтаудағы дипломатияның рөліне тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында қазіргі заманғы бейбітшілік түсінігіне қатысты ашық пікірталас өтті. Қатысушылар бейбітшілікті қарулы қақтығыстардың болмауы тұрғысынан да, өзара құрмет пен ішкі үйлесімнің негізі ретінде де қарастыратын көзқарастарымен бөлісті.
Кездесуге БҰҰ-ның Алматыдағы Ғаламдық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек қатысты.
Бағдарламаға интерактивті бөлім мен музыкалық нөмір енгізіліп, шараны мазмұнды әрі көрермендердің белсенді қатысуына ықпал ететіндей етіп жандандырды.
Талқылауда ерекше назар Тұрақты даму мақсаттарының №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» және №17 «Тұрақты дамуға жәрдемдесетін жаһандық әріптестік» міндеттеріне аударылды.
Жұма күні де студенттер Бейбітшілік күніне орай «Тұрақты даму мақсаттары және бейбітшілік» тақырыбында шеберлік сыныбы мен концерт ұйымдастырды.
Іс-шараның жауапты оқытушысы
Лейла Федоровна Деловарова.


.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
Басқа жаңалықтар