Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына ЖолдауыFarabi University

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

8 қыркүйек, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, еліміздің болашағы үшін жаңа стратегиялық бағытты таныстырды.
Негізгі жаңалықтардың бірі – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру. Сонымен қатар, Цифрлық Кодексті қабылдау жеделдетіліп, сандық дамудың барлық салаларды қамтитын берік негізі қаланбақ.
Бұл маңызды қадам, өйткені Президент үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру міндетін қойды.