Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшісі Сайлас Тхангал ҚазҰУ мұражайында болдыFarabi University

Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшісі Сайлас Тхангал ҚазҰУ мұражайында болды

22 қыркүйек, 2025

Үндістан делегациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайын аралап, оның мәдени және тарихи құндылықтарымен танысты. Бұл сапар халықаралық ынтымақтастықты нығайту және екіжақты байланыстарды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Делегация мүшелері университеттің қалыптасу кезеңдері мен тарихи жетістіктерін көрсететін экспонаттарға ерекше қызығушылық білдірді. Мұражай қызметкерлері университеттің ғылыми әлеуеті мен білім беру саласындағы инновациялары туралы толық ақпарат ұсынды. Делегация сапарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты