Метеорология бойынша курстар басталдыFarabi University

Метеорология бойынша курстар басталды

23 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География факультетінде Республикалық мемлекеттік мекеме «Әскери бөлім 65235» ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлескен метеорология саласына арналған курстар бастау алды.

Бұл курстардың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды ауа райын болжау әдістерімен, климаттық деректерді талдау жолдарымен және заманауи метеорологиялық технологияларды қолдану тәсілдерімен тереңірек таныстыру. Арнайы бағдарлама шеңберінде теориялық білім мен тәжірибелік дағдылар үйлесім тауып, курс қатысушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталуда.

Сабақ барысында ауа райын болжауда қолданылатын заманауи модельдер, климаттық өзгерістердің ерекшеліктері және деректерді талдаудың практикалық әдістері қарастырылды. Сондай-ақ, тыңдаушылар әртүрлі метеорологиялық құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін игеріп, нақты жағдайларда алынған нәтижелерді талдады.

Бұл бастама Қазақстандағы білім беру мен қорғаныс саласы арасындағы тиімді әріптестікті нығайтып қана қоймай, метеорология саласында кәсіби даярлықтың жаңа деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді.